Қытайда коронавирустан емделіп шыққандардың саны 47 260 адамға жетті

394
көрілім

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирус инфекциясы бойынша жалпы әлемдегі ахуал туралы баян етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпарат қа сілтеме жасап.

«Қытайда 80302 науқас тіркелген. Бір тәулікте 128 адамға өсті. Ол дегеніміз – 0,16 пайызды құрайды. Оның 2946-ы қайтыс болды. Емделіп шыққандардың саны – 47260 адам. Бұл көрсеткіш – 58,8 пайызды құрайды. Стационарда қазір 3096 науқас емделуде. Қайтыс болғандардың орта жасы – 75 жаста», - деді ол Қазмедиада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша әлем бойынша 76 елде 12575 науқас тіркеліп, оның 221-і қайтыс болған. Атап айтқанда Иранда 77 адам, Италияда 79 адам, Кореяда 34 адам, круиздік лайнерде болған 7 адам, Жапонияда 6, АҚШ-та 9, Францияда 4, Филиппин аралдарында 1, Таиландта 1, Австралияда 1, Сан-Маринода бір адам көз жұмған. Тәуліктік өсім 24,1 пайызды құрап отыр.