Қытайдан алып келген

269
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында Үрімші-Зайсан бағытындағы автобус жолаушысынан қытайлық дәрі-дәрмектер табылды.

30 қараша күні «Майқапшағай» өткізу бекетінің шекарашылары Үрімші-Зайсан бағытындағы автобусқа тексеру жүргізді.

– Тексеру нәтижесінде 1983 жылғы Қазақстан Республикасы азаматшасының қол сөмкесінен қытайлық дәрі-дәрмектер табылған. 116 қаптаманың жалпы салмағы 11,4 келіні құрайды, – деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Дәрілік заттар «Майқапшағай» кеден бекетіне өткізілді.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ