Қытайлық дәрігерлер коронавирусқа қарсы дәріні атады

75
көрілім

Қытай Денсаулық сақтау министрлігі КСРО-да жасалған және Ресейде үлкен жетістікке қол жеткізген "Арбидол" вирусқа қарсы препаратын COVID-2019 коронавирусын диагностикалау және емдеудің ұлттық бағдарламасының алтыншы нұсқасына енгізді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамандар "Арбидолдан" бірнеше басқа дәрілерді де тесілеуден өткізген: хлорокин фосфаты және рибавирин интерферонмен немесе лопинавир / ритонавирмен үйлесімді.

"Арбидол" КСРО-да 1970 жылдары өндірілген. Кейбір мамандар бұл препараттың вирусқа қарсы әсері клиникалық тұрғыдан әлі дәлелденбегендігін айтады. Дегенмен Ресейде ол өмірлік маңызды және қажетті дәрілер тізіміне енгенгендігін де жоққа шығармайды.

- Арбидолдың алғашқы рет коронавирусқа қарсы әсері болуы мүмкін, - деген Чжэцзян университетінің вирусологтары ақпанның басында. ҚХР Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының сол кездегі кеңесшісі, эпидемиолог Ли Ланьцзюаньның айтуынша, препарат коронавирустың репликациясын тежей алады, оның тез таралуын 60 есе баяулатуға болады, сонымен қатар вирустың жасушаларға патологиялық әсерін тежейді, - деп мәлімдеген.

Ли Ланьцзюаньның бұл мәлімдемесін Қытай ақпарат құралдары таратты. Мұны нарық серпіліс ретінде қабылдады, мұнайдың күнделікті өсуі 4 пайызға көтерілуінің бір себебі болды.

2019 жылы Арбидол вирусқа қарсы препараты Ресей нарығындағы сатылымда төртінші орын алған.