Қызмет алу жеңілдейді

201
көрілім

Халыққа қызмет көрсету орталығынан мекенжайды тіркеу кодын алуға асығыңыз. Дегенмен мұндай кодты алу үшін тұрғындардың барлығы дерлік ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ.

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын тұрғындарға ХҚКО-ға жүгініп, мекенжайды тіркеу кодын алу қажеттігі жайында ақпарат тараған болатын.

- Аталмыш кодты алу үшін барлық қала тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталығына келуі керек, - деді Өскемен қалалық ІІБ көші-қон қызметі.

Дегенмен, ХҚКО қызметкерлері мұның талап емес, жай ұсыныс екенін айтады. Кодты алу үшін тұрғын үй иесінің өзі ғана келуі керек екен. Мамандардың айтуынша, бұл код жылжымайтын мүлікке қатысты түрлі электронды қызмет алу жолдарын жеңілдететін көрінеді.

Ерлен ОСМАНОВ