Қызметтік ит Зайсан ауданы тұрғынының қалтасынан есірткі тапты

20007
көрілім

Зайсан аудандық полиция қызметкерлері қараша айының басында «Астра» лақап атына ие қызметтік-іздестіру итін пайдалану арқылы Қарабұлақ ауылының 48 жастағы тұрғынын тексерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тексеру барысында қызметтік-іздестіру иті ер адам киіп тұрған күртешенің оң қалтасына белсенді белгі берген. Куәгерлердің қатысуымен тексеру кезінде күдік расталды. Ауыл тұрғынының қалтасынан ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат табылды.

- Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 1,093 грамм кептірілген марихуана есірткі құралы болып шықты. Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты бұлтартпау шарасы - келу міндеттемесі таңдалды, - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 296-бабының 2-бөлігіне (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясында 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.