Қызылорда облысында автобус аударылып, 7 адам қаза болды

356
көрілім

Жол апаты Қызылорда-Құмкөл тасжолында 3 желтоқсан күні сағат 5.25 шамасында орын алған. Салонда 35 жолаушы болған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қызылорда облысындағы үлкен жол апаты болған орыннан тағы екі адамның денесі табылды. Оның алдында қайтыс болған 4 адамның мәйіті табылған болатын. Бұл туралы облыстың полиция департаменті мен ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

- Зардап шеккендер саны – 22 адам, деп хабарлады Қызылорда облысытық филиалында.

Кейін ІІМ баспасөз қызметі тағы бір жолаушының қайтыс болғанын хабарлады. Нәтижесінде қаза тапқандар саны жетіге жетті.

Оқиға орнында құтқарушылар, дәрігерлер мен полиция қызметкерлері жұмыс жасауда.

Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.