ШҚО Драма театрында Әскерхан Ақтайдың «Ай қараңғысы» драмасы сахналанды. Қойылымның қоюшы-режиссері Айдын Салбанов.
Әділдік пен достықты тақтан да биік қойып, пайданы емес арды ойлайтын адал жандар мен мәнсаптың соңын қуып, жақсылардың жолын кесіп, ақшамен қолын жуып әдеттенген тобыр арасындағы тартыс көрерменді бей жай қалдырмады. Жастар театрының өнеріне тәнті болған дүйім жұрт ыстық ықыластарын білдірді.
– Бұл туынды жемқорлықтың қоғамға қаншалықты зиян келтіретіндігі жайлы сыр шертеді. Еліміз дамысын десек парақорлықты түп-тамырымен жоюымыз керек. Осындай тәрбиелік мәні бар қойылымдар көп болса екен деймін, – деп Өскемен қаласының тұрғыны Меруерт Айтбекова өз ойымен бөлісті.
Талғатжан МҰХАМАДИЕВ