Максим Мұхаметов Гагарин кубогін Өскеменге алып келді

170
көрілім
Фотосурет облыс әкімінің жеке парақшасынан

Магнитогорскілік «Металлург» ұжымымен құрлық хоккей лигасында топ жарған жерлесімізбен жүздесуге келгендер қарасы едәуір болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгін өңірдің жас хоккейшілері құрлықтық хоккей лигасының басты олжасы – Гагарин кубогіне қол тигізіп, сәті түскендер ұстап та көрді. Көгілдір экран ары жағынан тамашалап жүрген кубок Шығыс Қазақстан топырағына күнде келе бермейді. Осы себепті де Максиммен жолығуға келгендер қарасы тым көп еді. Өздеріңізге мәлім, Гагарин кубогі жолындағы бәсекеге барлығы 16 ұжым қатысады. Ресейлік хоккей клубтарынан бөлек, елордалық «Барыс», минскілік «Динамо», қытайлық «Кунь Лунь Ред Стар» бар. Бірақ биыл «Металлургтің» асығы алшысынан түсті. Финалда Ярославль қаласының «Локомотив» ұжымын ұтып, үздік шықты.
– Өскемендік хоккейші «Металлург» ХК шабуылшысы, қаламыздың тумасы және «Торпедо»хоккей мектебінің тәрбиеленушісі. Жас спортшылар үшін бұл іс-шара, әлбетте, өте маңызды. Жаңа жеңістер мен бастамаларға жолдама болары сөзсіз, – делінген облыс әкімлігі ұсынған ақпаратта.
Салтанатты шараға облыс әкімі Ермек Көшербаев қатысты. Өңір басшысы спортшылардың ата-аналармен және жаттықтырушылармен сөйлесіп, хоккейді одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқыладым. Өйткені Шығыс Қазақстан хоккей спорт түріне арналған кадрлардың нағыз ұстаханасы. Енді Зайсан мен Риддерде осы спорт түріне балаларды көбірек тарту үшін хоккей модульдері салынатын болады.