Мамандар ең пайдалы жемісті атады

257
көрілім

Медицина мамандары өріктің ең пайдалы жеміс екенін айтып отыр. Әсіресе жазғы уақытта оның пайдасы ұшан-теңіз. Өрікті күнделікті қолданса, көптеген аурудан сақтануға болады екен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.


Дәрігерлер өрікті әсіресе жүрек-қан тамырлары, бүйрек ауруына шалдыққан адамдарға көптеп пайдалануға кеңес береді. Сонымен қатар, жүкті келіншектердің денсаулығына өте пайдалы екен.
Мамандардың айтуынша, өріктің колориясы төмен болғанмен, ағзадағы холестеринді төмендетіп, оның күш-қуатын арттырады екен.
Сондай-ақ, ол организмді шлактар мен токсиндерден тазартады. Диетологтар артық салмақтан арылғысы келетін адамдарға да өрік жеуге кеңес береді. Сонымен қатар, өрік адамның көңіл күйін көтеріп, қобалжуды басуға көмектеседі.