Мамырсу ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория жөнделуде

1345
көрілім
Шартты фотосурет

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Мамырсу ауылдық округінің дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өткізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан басшылығы ұсынған мәліметке сәйкес өткен жылы аталған бағдарлама аясында Ақтоғай кентіндегі ауруханаға 105 млн теңгеге  күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген.

 - Сонымен қатар бағдарлама аясында Мамырсу ауылдық округінің 3 көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді, - делінген мәліметте.