Марат Теміржанов: Көкпекті ауданының тұрғындары самарлықтарға қашан да тілектес

594
көрілім

Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Самар ауылындағы салтанатты жиын кезінде басшылық атынан ақжарма тілегін жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлға қос ауданның тұрғындарын көне Қалбатау аумағында тұрып жатқан бауырлас жұрт деп, ауылы аралас, қойы қоралас болған тату жұрт екендігін баса айтты.


- Самар ауылы Ертіс өзенін жағалай орын тепкен көп қазақтың ежелгі атажұрты. Қасиетті мекен баршамыздың мақтанышымыз. Президент Жарлығына сәйкес тура 25 жыл бұрын Самар менен Көкпекті ауылдары біріктіріліп, ынтымағымыз арта түсті. Бірлесіп атқарған жұмыстарымыз үнемі нәтижелі аяқталып келді. Мәдениет пен спорт жетістіктері де еш тұраламады. Осы тойға келген барша жұртты құттықтаймын, - деді Марат Қапарұлы.