Марқа көлінде аю фототұзаққа түсіп қалды

401
көрілім
Шартты фотосурет

Ақпаратпен бөліскендер маймақтың Қарағайлыбұлақ ауылы маңында болғанын айтты, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір Марқа көлінде балықтардың уылдырық шашатын мерзімі. Мамандардың айтуынша, осы кезеңде майқан судың ағысымен өзен бетіне көтеріледі.

– Сол уақытта жабайы аңдардың жемтігіне айналып жатады, – деді Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығындағылар. – Бейнежазба мен фототұзаққа мән берсеңіздер орайлы сәтті ұтымды пайдаланып жатқан аюды көруге болады.

Маймақ майқанға түн ортасында түссе керек. Ағын суда аз-кем аңдысып барып, аранға түскен бірнешеуін жағаға шығарады. Лезде сол жерде алаңсыз, жұлмалап жей бастаған. Ал таңертең балық қалдығымен ертеңімен құстар азықтанды.

Мекемедегілер аюдың Қарағайлыбұлақ ауылы жанындағы өзенде фототұзаққа түскенін жеткізді.