Марқакөл ауылының тұрғындарына заңсыз балық аулағаны үшін айыппұл салынды

391
көрілім

Күршім ауданының №2 сотында ҚР ҚК 383-бабы 3-бөлігі «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу» бойынша бес әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Сот материалдарына сүйенсек Марқакөл ауылының бес тұрғыны Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында орналасқан өзеннің жағасында ұсталған. Тұрғындар рұқсатсыз майқан балығын аулаған.

- Құқық бұзушыларға әкімшілік жаза ретінде 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлады сот өкілдері. Үкім заңды күшіне енген жоқ.