Мәдениет үйіндегі мерейтой

110
көрілім

Жуықта Жарма ауданы Қалбатау аудандық Мәдениет үйінде «Кәусар» халықтық ұлт-аспаптар оркестрі 25 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Шығармашылық кешке ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин, даңқты палуан, меценат Дәулет Тұрлыханов қатысты. Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин оркестрдің шығармашылығына табыс тілей отырып, «Газель» автокөлігінің кілтін табыстап, оркестр мүшесіне баспана сыйлады.

Шара барысында өңірімізге танымал оркестрге қолдау көрсету мақсатымен келген танымал әнші Гүлмира Сарина, Құрманғазы атындағы оркестрдің дирижері Жанас Бекентұров және Өскемен, Семей қалаларынан келген өнер тарландары сый-тартуларын ұсынды. Рухани кеште «Кәусар» халықтық ұлт-аспаптар оркестрі әлемдік классиктердің шығармаларын ұлттық аспапта орындап, көрермен ықыласына бөленді.