Медициналық тексерістен қалыс қалмаңыз

285
көрілім

2019 жылы барлық емханалар скрининг жүргізуді қайтара қолға алмақ. Жаңа жылда кім қандай медициналық тексеруден өтпек?

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы профилактикалық медициналық тексеру тәртібінің өзгеріссіз қалатынын алға тартты. Скринингтер ерлер мен әйелдерден қатерлі обыр дертін ерте бастан анықтауға бағытталған. Тексерулер тұрғындардың келесі топтарына жүргізілетін болады:

- Жатыр мойны обырын ерте бастан анықтау. Мұндай тексеруден 30 бен 70 жас аралығындағы (1949-1989 жыл аралығында туған) әйелдер төрт жылда бір рет өте алады.

- Сүт бездері обырын ерте бастан анықтау. Мұндай тексеру 40 пен 70 жас аралығындағы (1949-1979 жыл аралығында туған) әйелдерге екі жылда бір рет жүргізіледі.

- Тоқ ішек пен тік ішектің обырын ерте бастан анықтау. Мұндай тексеруден 50-70 жас аралығындағы (1949-1969 жылдар аралығында туған) ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет өтеді.

- Емханалар ыңғайлы болу үшін пациенттерді тақ және жұп жылдары дүниеге келгендер етіп тексеруден өткізеді. Сондықтан тұрғындар бұл ақпаратты тұрғылықты жерлеріндегі емханалардан анықтап алғандары жөн.

Барлық скринингтер медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде тегін өткізіледі.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ