Мектепте толыққанды тамақтану – балалар денсаулығының кепілі

157
көрілім

Қазір бізде 1 миллионнан астам бала АӘК алады, олардың 68% -ы көп балалы отбасылардан. 1-ден 11-ге дейінгі барлық балаларды жеке қарастырып, кепілдендірілген әлеуметтік пакет аясында мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз етейік. Яғни мемлекет қаражаты осы жеңілдік санаттарындағы барлық балалардың тамақ шығын төлеу үшін арнайы әлеуметтік карталарға бағытталады.

Осылайша, біз аз қамтылған немесе көпбалалы отбасылардың отбасылық бюджетіне түсетін ауыртпалықты едәуір азайтамыз. Ал екінші жағынан, АӘК есептеу ашықтығы артады, өйткені қаржы картаға аударылып, қолма-қол ақша еш жерде көрінбейді және жіберілген барлық қаражат нақты балаларға жұмсалғанын біз білеміз. Себебі, оларды басқа бір нәрсеге жұмсамауға болмайды.

Ең бастысы – дұрыс ауқаттану, ал ол баланың денсаулығы. Көпшілікті қатты алаңдататын және толғандыратын мәселе осы деп есептеймін. Егер бала жақсы тамақтанса, онда оның дамуы да жақсарады. Ең маңызды жайт осы.