Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласындағы ашықтық

522
көрілім
Фотосурет arnapress.kz сайтынан

«Antikor LIVE» жобасы аясында Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Илдар Хасеновтың қатысуымен тікелей эфир өтті.

Департамент басшысының сөзінше, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі №1012 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылымдық реформаларды іске асыру жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған Жол картасының 16-тармағын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 8-тармағын орындау үшін 2015 жылдан бастап Қаржы министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің базасында «Бірыңғай баланс ұстаушы» жобасын іске асыру жөніндегі жол картасы іске асырылуда.

- Департаменттің штат саны 22 қызметкерді құрайды. Департаменттің Семей қаласында филиалы бар. Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі тұрақты негізде Департамент қызметкерлерімен қызметкерлердің қоғамдық орындарда, әлеуметтік желілерде мінез-құлық нормаларын сақтау туралы профилактикалық әңгіме жүргізеді және сонымен бірге қызметкерлердің өздерінің әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізеді. Департаменттің барлық қызметкерлері парасаттылық Декларациясымен танысты және осы Декларацияның барлық тармақтарын ұстанады. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде тұрақты негізде ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тексеру жүргізіледі, - дейді ол.

Сондай-ақ Департамент басшысы аймақ тұрғындары үшін арнайы жедел желінің бар екенін атап өтті.

- Егер мемлекеттік қызметшіде сыйлықтарды тапсыру тәртібі туралы сұрақтар туындаса, 55-37-45 телефонына қоңырау шалып, кеңес алуға болады. Департаментте сенім телефоны қамтамасыз етілді, басшының және басшы орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі, сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкілдің телефоны бар, - дейді Илдар Хасенов.