Мерт болды

415
көрілім

Зырян ауданында 1 жасар бала белгісіз жағдайда көз жұмған.

27 желтоқсан күні таңертең құтқарушыларға хабарласқан әйел адам жұмыстан қайтып келгенінде үйіне кіре алмай қойғандығын айтады. Оның айтуынша, үйде ері мен баласы болған. Жолдасының есікті не үшін ашпағаны түсініксіз.

Құтқарушылар есікті бұзып ішке кіргенде ұйықтап жатқан ер адамды көрген. Ал оның қасында балғынның өлі денесі жатыр.

Қазіргі уақытта Зырян аудандық прокуратурасы аталмыш факті бойынша тергеу амалдарының жүргізіліп жатқандығын хабарлады. Балғынның неден қайтыс болғаны әзірге беймәлім.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ