Облыстағы шағын қалалар кентке айналуы мүмкін.
Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, еліміздегі кіші-гірім қалалардың 12-сі ғана өз мәртебесіне лайық көрінеді. Қалған 29-ы депрессиялық жағдайдағы қалалар. Олардағы тұрғындар 10 мың адамнан аз, әрі халықты жұмыспен қамтамасыз ететін ірі кәсіпорындары жоқ. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары оларды мәртебесін өзгерту арқылы құтқаруға болатынын айтады. Егер шағын қалалар кентке немесе ауылға айналса, онда ауыл шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік туады, бұл өз кезегінде қосымша жұмыс орындарының пайда болуына жағдай жасап, тұрғындардың көшу үдерісін тоқтатады.
ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ақпаратына сүйенсек, біздің өңірде мұндай қалалар қатарына Аягөз, Зайсан, Шемонаиха және Шар қалалары жататын көрінеді. Тіпті Шар қаласының тұрғындары жеті мың адамнан аз.
Мәжіліс депутаттары ұсынысының қабылданатын-қабылданбайтыны, оның біздің облыстағы кіші-гірім қалаларға қатысы болатын-болмайтындығы әзірге белгісіз.
Ерлен ОСМАНОВ