«Мейірім шуағы» фестивалі өтті

521
көрілім

Аягөз ауданында мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығына арналған «Мейірім шуағы» атты фестиваль ұйымдастырылды, деп хабарлайды газет тілшісі аудан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жуықта аудандық Қозы Көрпеш –Баян сұлу Мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығына арналған «Мейірім шуағы» атты фестиваль болып өтті. Концерттің бағдарламасы облыстық, аумақтық конкурстарда жүлделі орын алған балалардың әндері мен билерінен және аудандық әлеуметтік көмек көрсету орталығында құрылған «Дәурен-ай» әжелер ансамблінің орындауындағы әндерден құрылды.

Концерт соңында көрермендердің қошеметімен фестивальді ұйымдастырушылар мен әлеуметтік көмек көрсету орталығының басшыларына мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналары балаларына қуаныш сыйлағандары үшін алғыстарын айтып ризашылықтарын білдірді.

Асқар ТҰМАРБЕК