Мәжіліс депутаты Өскемендегі тергеу изоляторына барды

490
көрілім

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Өскемен қаласындағы тергеу изоляторында болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Унжаковаға жұмыс сапары аясында Өскемен қаласындағы тергеу изоляторын көрсетті. Сапардың мақсаты – қамауға алынғандарды ұстау жағдайларымен танысу.

Мәжіліс депутаты ҚАЖ департаментінің басшысы Жанболат Кәлетаевпен бірге биылғы жылдың қаңтар айында елімізде болған жаппай наразылық акциясына қатысқан тұтқындардың отырған жерлерін аралап шықты. Ирина Сергеевна тергеудегі және қамауға алынғандарды ұстаудың құқықтық жағдайларының қамтамасыз етілуімен және құқықтарының сақталуымен жеке танысып, қаңтар оқиғасына қатысы бар бірнеше адаммен әңгімелесті. Сондай-ақ мекеменің шаруашылық қызметтерінің блоктарымен танысты.

Күдіктілер мен айыпталушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мекемедегі ұстау жағдайларына баға беріп, оның ішінде қандай да бір азаптау фактілерінің жоқтығын айтты. Айта кетейік, депутат тергеу изоляторындағы әйелдерді ұстау жағдайларымен де танысты.