Мұнай бағасы 76 доллардан асты

447
көрілім

Нью-Йорк пен Лондонның шикізат биржаларында дүйсенбі күні болған сауда қорытындысына сәйкес, мұнай бағасы айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сауда-саттық нәтижесінде Brent маркалы мұнайдың бағасы шілдедегі жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 1,3 долларға көтеріліп, баррелі 76,17 доллар болған.
WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 1,01 долларға қымбаттап, баррелі 70,73 долларға жетті.