Мүшәйра өтеді

460
көрілім

Өскемен қаласында жазушы Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына орай «Үркер ауып барады...» атты облыстық ақындар мүшайрасы өткізілмек.

Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана 2018 жылдың 26-шы қыркүйегінде Қазақстан Жастар Одағының, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Оралхан Бөкейдің 75 жылдық мерейтойына орай «Үркер ауып барады...» атты облыстық ақындар мүшайрасын өткізеді. Жыр мүшайрасының мақсаты – жазушы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын халыққа кеңінен насихаттау, жас ақындарға қолдау көрсету, ынталандыру, шеберліктерін шыңдау және өлке әдебиетін дәріптеу.

Мүшәйраның талаптары мен шарттары жайлы айта кетсек, мүшәйраға 16-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. Сондай-ақ, шығармалар келесі 2 тақырыпта болуы керек: «Үркер ауып барады» (Оралхан Бөкейге арнау) және еркін тақырып.

Мүшәйраға қатысу үшін үміткерлердің тапсырыстары аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, шығармалары 2018 жылдың 20 қыркүйегіне дейін oralqan.b@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.

Біздің анықтама

Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхананың мекен-жайы – Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22. Анықтама телефондары: 8 (7232) 250364; 8-705-6241725.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ