Мұз астына кетті

394
көрілім

Глубокое ауданында 71 жастағы қария мұз астына кетіп қаза болды, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Верхберезовка ауылында болған. Өзенге қармағын сүйретіп жеткен қарияны жұқа мұз көтермеген. Оның денесі өзен жағасынан 10 метр жерден табылған. Мүрдені бірінші болып аудандық ішкі істер бөлімінің мамандары көріп, құтқарушыларды шақырған.

– Мұз әлі қалыңдай қойған жоқ. Сондықтан сақшылар өздігінен әрекет етпеді. Біздің жігіттер мәйітке үш аяқты сатыны пайдалана отырып жетті, – дейді №26 өрт сөндіру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Руслан Баяубаев.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Шығыс Қазақстанда мұз әлі қалыңдай қоймағандықтан, балық аулауға ерте екенін ескертеді.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ