Музей өртенді

477
көрілім

Өскеменде ағаштан салынған музей ғимараты өртенді. Жалын 525 шаршы метр аумақты шарпыды.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, өрт туралы түс кезінде «101» нөміріне оқиға куәгерлері хабарлаған. Тілсіз жаумен күреске 50 өрт сөндіруші мен 20 техника жұмылдырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимараттың шатырынан басталған. Музей қызметкерлері барлық ағаш экспонаттарды ғимараттан шығарып үлгерген.

– Өрт сағат 15.30-да толығымен сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 525 шаршы метрді құрады. Оқиға себептері анықталуда, – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ