Биыл өңірімізде ауыл шаруашылық дақылдарының егіс алқабы 1 млн 369 мың гектарды құраған. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 53 мың гектарға өсіп отыр.
Бұл жайлы өнім жинау жұмыстарын өткізуге дайындық барысы туралы айтқан ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жақыпбаев мәлімдеді.
– Жиын-терін науқанына 25 мың тонна жанар-жағармай керек, – деді ол, – Арам шөптерге қарсы тиісті жұмыстар атқарылуда. 315 ауыл шаруашылығының жаңа техникасы жұмылдырылған. Бауыл шаруашылық науқанына деген әзірлік ойдағыдай.
Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ