«Назар аударыңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді

308
көрілім

Полиция басқармасының хабарлауынша, Өскемен қаласында 5-12 желтоқсан аралығында «Назар аударыңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қала аумағында, көше мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұруға байланысты балалардың дағдыларын нығайту мақсатында 5-12 желтоқсан аралығында «Назар аударыңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі - делінген хабарламада.