Назарбаев Зияткерлік мектебінде қарттармен кездесу өтті - Өскемен

407
көрілім

Қаңтар айының 23-і күні Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында қарттармен кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Шараның негізгі мақсаты - дана адамдардың шығармашылығын қолдау, өмірлік дағдыларды қалыптастыра отырып, тәжірибе алмасу.

Директордың орынбасары Гүлшат Мұхтарханованың айтуы бойынша, оқушылар және педагог-ұйымдастырушы-кураторлармен өткізіліп отырған бұл іс-шара – Назарбаев зияткерлік мектебінің атаулы дәстүріне айналған. Қайырымдылық, мейірімділік әр уақытта да біздің халқымыздың басты құндылықтары болып қала береді. Өзгелерге көмектесу арқылы өзің өсіп - өнесің.

Бүгін «Марқакөл» шаңырағы оқушыларымен бірге кураторы Каримова Арайлым Қайратқызының бастауымен 60-70 жылдардың үздік әндері бойынша би форматында жоғары деңгейлі би кеші өткізіліп, қонақтар жастық шақтың әсерлі әуендеріне биледі. Кездесу өте жоғары деңгейде өтті.

- Сен көмек қолын созған адамдардың көздері жасқа толып тұрып, шын жүрегімен алғыс айтқан кезде, бұл әлемде босқа өмір сүріп жатпағаныңды түсінесің, - дейді 10«А» сынып оқушысы Халел Карина.

Аудиторияның атмосферасы өте мейірімге толы әрі жайлы болғандықтан - барлығы өздерін еркін сезінді. Барлық қатысушылар жағымды эмоциялар мен тамаша көңіл - күйге бөлене алды. Бірлескен отырыс, шәй ішу – уақытты жақсы өткізумен қатар, әңгіме алмасуға өте керемет мүмкіндік болды.