Nur Otan: Көпбалалы отбасыларды қолдау-партия назарында

709
көрілім

Семей қаласында облыстық мәслихатқа кандидат Айдос Серікқалиұлы сенімді өкілі Абылхасенов Даурен көпбалалы отбасы Төлепбергеновтар шаңырағында болды.

Ержан мен Меруерт бес баланы тәрбиелеп отыр, олардың тәрбиесіне әжесі көмектеседі. Үміткерлер үгіт-насихат жүргізіп, партияның алдағы 5 жылдағы мақсаттары мен міндеттерімен таныстырды.

- Қазақстан дамуы жастар қолында. Сондықтан еліміздің бас партиясы әрдайым жастарға жағдай жасап, олардың оңтайлы білім алуына тиімді шарттар ұсынуда, - деді сенімді өкілі.

Сонымен қатар әңгіме барысында көпбалалы ана қала сыртындағы жолдарды жөндеу мәселесін алға тартты. Кандидаттың айтуы бойынша, Семей қаласы маңындағы жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізу алдағы уақытта жүзеге асырылады. Атап айтсақ, «Nur Otan» партиясы алдына облыстық және аудандықмаңызы бар 116 шақырымнан астам автомобиль жолдарын салу және жөндеу міндеттерін қойып отыр.

Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облысы cайлау қорының қаражатынан төленді