«Nur Otan» партиясының жаңа мүшелеріне партиялық билеттер тапсырылды

621
көрілім

Өскеменде 1наурыз – партия күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының жаңа мүшелеріне партиялық билеттер тапсырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Біз ең алдымен партия тарихының басында тұрған ардагерлерімізге алғыс айтуымыз керек. Қоғамдық тұрақтылық біздің ең үлкен жетістігіміз. Партияның бастамасымен көптеген жобалар іске асырылып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл үрдіс алдағы уақытта да өз жалғасын табады, – дейді «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков.

Сонымен қатар партияның саяси және қоғамдық жұмыстарына өзіндік үлес қосқан партия мүшелеріне Алғыс хаттар табысталды.