Nur Otan праймеризі: ШҚО-ның алты ауданында ашық пікірсайыс басталды

392
көрілім

Аймақтағы алты ауданда праймериз кандидаттарының ашық пікірсайысы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Nur Otan» партиясы ШҚОФ баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандық филиалдардың атынан праймеризге қатысушылар пікірсайыс барысында тұрғындарды мазалайтын сұрақтарды талқылап, өз бағдарламаларын таныстырды.

– Алтай ауданы бойынша Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы туристік инфроқұрылымды жақсарту қажеттігі, сондай-ақ Жаңа Бұқтырма кентіндегі қазақ мектебі орналасқан ғимараттың заман талабына сай емес екендігі сөз етілді. Дипломмен ауылға бағдарламасы аясында жас мамандарды ауылдық жерлерге тартуды және шаңғы спортын дамыту үшін жаттықтырушыларға қосымша жұмыс орнын ашу мәселесін Шемонаиха ауданының праймеризге қатысушы үміткерлері көтерді, - делінген хабарламада.

Семей, Курчатов, Бесқарағай, Катонқарағай аудандарында өткен ашық пікірсайысқа қатысушылар да өңірлердегі әлеуметтік мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстарымен бөлісті.