Nur Otan: Ұлт денсаулығын сақтау - негізгі басымдық

2230
көрілім

Бүгін облыстық мәслихатқа кандидаттар Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығында болып, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті. Кандидаттар Михаил Анашкин, Маржан Бақыт, Илья Смоляков Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, өңірді дамытудағы негізгі басымдықтарға тоқталды. Партияның сайлауалды бағдарламасында медицина саласын дамыту, дәрігерлердің жалақысын арттыру, ауруханалардың материалдық базасын нығайту сияқты бағыттар негізге алынған.

– Ұлт саулығы – мемлекет дамуының өзегі. Сондықтан медицинаны дамыту партияның негізгі мақсаты. Алдағы жылдары 300 маман әлемнің жетекші медицина орталықтарында біліктіліктерін арттыратын болады. Сонымен қатар дәрігерлердің жалақыларын арттыру бағытында бірқатар бағдарлама қабылдануда. Коронавирус індеті ақ халатты жандардың қызметтерінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, - деді Маржан Бақыт өз сөзінде.

Nur Otan партиясының алдағы бес жылға арналған жоспарына сәйкес, Шығыс Қазақстанда 24 медициналық нысан салынып, шалғайдағы фельдшерлік пунктер толықтай жөнделіп, материалдық базасы жаңартылмақ. Партияның қолдауымен облыста коронавирус инфекциясының таралуын азайту үшін медициналық мекемелерде көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер қорының болуы, дәріханаларды дәрілік заттармен толтыру, зертханалық зерттеулердің тиімділігін арттыру және медицина қызметкерлерін қолдау мәселелері ерекше бақылауға алынды. 185 монитор, 215 инфузомат, 3 экстракорпоралдық мембраналық оксигенациялар, 200 пульсоксиметр, 2 Балалар ӨЖЖ, компьютерлік томограф және 216 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Кездесуге келген кандидаттар алдағы уақытта да бұл жұмыс жалғасын тауып, халық саулығын сақтау – ең өзекті мақсат екенін тағы бір қайтара айтты.

Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облысы cайлау қорының қаражатынан төленді