Нұрсұлтан Тұрсынов неміс палуанына жол берді

1543
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

Токио Олимпиадасы семейлік спортшы үшін сәтсіз басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осыдан бірер күн бұрын грек-рим күресінің шеберлері алғашқы айналымдағы қарсыластарын біліп, кейбірі сыралғы қарсыластарына әзірлікті бастап та кеткен еді. Көпшілік Нұрсұлтан Тұрсыноваты Германияның үміті Денис Кудланың осал тұсын табады дегенге еш шәк келтірмеген-тұғын. Дегенмен белдесу барысында Кудла қорғаныста да, тік жүріп белдесуде де сауатты өнер көрсетіп, жерлесіміздің ойлаған әдісін жасауына мүмкіндік бермеді. Есеп 4:1, неміс палуанының жеңісімен аяқталды. Енді жерлесіміздің қарсыласы шешуші сынға дейін жетсе, жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігі туындайды. Алайда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері келесі кездесуін мажарстандық Виктор Лоринцке қарсы өткізуі әбден мүмкін.