Нұрсұлтан Тұрсыновтың алғашқы айналымдағы қарсыласы анықталды

2103
көрілім

Олимпиада ойындарында бақ сынап жатқан палуандар бәсекесі қызып тұр. Күні кеше грек-рим күресі бойынша екі салмақ дәрежесінде жеребе тартылып, семейлік палуанның қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Төртжылдық басты аламанында осал спортшы бақ сынамайтындығы классиктердің кешегі сынында расталды. 60 келіге дейінгі дәрежеде ресейлік Сергей Емелин, Әлем Кубогінің иегері Жоламан Шаршенбеков, Әлем чемпионатының күміс, қола жүлдегері қазақстандық Мейрамбек Айнағұлов сынды палуандар жүлдеге іліге алмай, Куба, Молдова елдерінің өкілдері жарқын белдесулер көрсетті. Күні кеше 67, 77 келіге дейінгі дәрежелерде бозкілемге беттейтін спортшылар өздерінің іріктеу сынындағы қарсылстарын білді.
Семейлік Нұрсұлтан Тұрсынов ең алдымен Германияның үздігі Денис Кудламен шеберлік байқасады. Осыдан бес жыл бұрын Рио Олимпиадасында 85 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленген Кудла жүлде алуы мүмкін спортшылар қатарына енгізілмесе де, оңай шағылар жаңғақ емес екендігі анық. Сәті түсіп, жеңіс жолдас болып жатса, азулы Виктор Лоринц (Мажарстан) пен қырғызстандық Атабек Азисбеков арасындағы жеңімпазбен жолығады.