Нұрымбет Сақтағанов Жарма ауданының әкімі қызметінен кетті

769
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Нұрымбет Аманұлы бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осыған дейін облыс, қала әкімдігі деңгейінде қызмет атқарған азамат қазіргі лауазымнан кетуін басқа облысқа ауысатындығымен байланыстырды.
- Құрметті Шығыс Қазақстан және жаңадан құрылған Абай облысындағы әріптестер, достар! Қызмет бабымен басқа облысқа ауысуыма байланысты, Сіздерге өз атымнан ізгі тілегімді білдіргім келеді.
Өткенге көз салсам, осы өңірде тура 10 жыл осы қызмет атқарыппын. Облыстық әкімдік деңгейінде, аудан, қала басшылығы лауазымдарында өздеріңізбен бірге көптеген жобаларды, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асырдық.  Ауқымды шараларды орындауда сіздер әрдайым түсіністік пен қолдау таныта білдіңіздер.
Кейінгі қызметім – Жарма ауданы әкімінің лауазымында жергілікті халықпен тығыз байланыста жұмыс істеп, түрлі мәселелерді шешу жолын бірге ойластырдық. Аудан халқының жаңалыққа ынталы, ізгілікке құштар, адал да ақ пейіліне ризамын.
Облыстағы қызметім – мен үшін үлкен тәжірибе мектебі болды деп айта аламын. Сенім білдіріп, әрдайым қолдап, мемлекеттік басқарудың қыр-сырын үйретуден жалықпаған облыс басшыларына айырықша рахмет.
Баршаңызға бірлесе атқарған жұмыстарыңыз бен өзара ынтымақты іс-қимыл және қолдауларыңыз үшін көптен-көп ризашылық білдіремін, - деді Нұрымбет Сақтағанов.