О.Бөкей атындағы қалалық кітапхана басшылығы әдеби байқау өткізеді

403
көрілім
Шартты фотосурет

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, қатысушылардың жас ерекшелігі 25-40 жас аралығында болуы тиіс, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Толықтай мәліметті кітапхананың сайтынан білуге болады.

- Әңгіме, эссе, монолог жазғанды жақсы көресіз бе? Туған Жер мен Ел туралы ОРАЛХАНДАЙ толғана білсеңіз, марапаттаймыз!
Олай болса «АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ» тақырыбы аясында көркем шығарма жазудан Оралхан Бөкей атындағы республикалық ӘДЕБИ БАЙҚАУҒА қатысып, қаламыңыздың қарымын сынап көріңіз!
Байқау Ережесімен мына сілтемеде танысыңыз:
https://bokeylibrary.kz/kz/janalihtar/2-info/460-auyl-khikayalary.html
Ұйымдастырушылар:
Өскемен қаласының әкімдігі;
«Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту» ММ;
Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана.
Ақпараттық қолдау көрсетуші:
Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газеті, - делінген мәліметте.
Қосымша ақпараттарды мына нөмірге хабарласып білуге болады:
87778550705, 870749498839 (вацап) - Жанат Жиенбекова
8 (7232) 25-17-70, 8 (7232) 25-03-64.