Облыс әкімі Ермек Көшербаев тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

338
көрілім

Өңір басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кезінде өткір мәселелер талқыға түсіп, оның шешу жолдарын қарастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, Первомайский ауылын сумен жабдықтау мәселесі бүгінде өте өзекті. Құрылыс барысы ұзаққа созылып, елді мекендегі су құбыры да әбден тозған.
- Аудандармен танысу барысында ауыл тұрғындары бұл мәселеге ерекше мән беруді өтінген болатын. Енді күз-қыз мезгілінде ауыл тұрғындарын сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында басталған жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында. Первомайский ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жоба әзірленді. Оның құны 200 миллионнан асады. Қаражаттың басым бөлігі республикалық бюджеттен бөлінеді, - деді Ермек Беделбайұлы.


Бірақ қазірдің өзінде облыстық бюджеттен күзгі кезеңде орындалатын жұмыстардың бір бөлігі қаржыландырылмақ - бұл ұңғымаларды бұрғылау және сорғыларды сатып алу. Аймақ басшысы келесі жылы барлық жұмыстар аяқталып, ауылды сумен жабдықтау мәселесі шешілу қажеттігін атап өтті.
- Тағы бір маңызды мәселе-облыс орталығының көпқабатты үйлеріндегі лифттерді жөндеу және ауыстыру. Бір лифтті ауыстыру 18 миллион теңгені құрайды. Тұрғындар айтқандай, бұл сома көпшілік үшін өте ауыр. Мен қала әкімдігіне осы мәселені зерделеп, лифт жабдықтарын жаңғырту жобасын ұсынуды тапсырдым. Құжатта тұрғындардың, лифтілерге қызмет көрсететін кәсіпорындардың және қала әкімдігінің қаржылық міндеттемелері жазылады, - деді Ермек Көшербаев.