Облыс орталығында «Киелі Алтай» фотокөрмесі өтті

289
көрілім

Көрме «Шығыс Акпарат» ЖШС-ның қолдауымен Катонқарағай ауданында да ұйымдастырылған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Фотокамера шеберлері үшін бұл көрме өткен жылдың қорытындысы болды. «Киелі Алтай» көрмесінде еліміздің түкпір-түкпірінен шыққан авторлардың ғана емес, National Geographic, "Егемен Қазақстан", облыстық "Рудный Алтай" және "Дидар" басылымдарының фотографтарының жұмыстары ұсынылған.

"Дидар" газетінің фотосуретшілері Мерей Қайнар мен Тілеубек Шаяхметтің жұмыстары көрермендерді ерекше көңілге бөледі. Олар көп уақыттан бері апталық басылымдарда жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстанның керемет табиғатының суреттерімен оқырмандарына бөлісуде. Олардың суреттеріне тек облыс тұрғындары ғана емес, алыс шетелдіктер де қызығушылық білдіреді.

Фотокөрмеге алғаш рет журналистика факультетінің студенті Ельназ Әбенғазиева да қатысты. Студент қыз үшін беделді блогтурға бару орындалмас арман болып көрінген. Алайда қазылар алқасы жас автордың жұмысын жоғары бағалап, оны турға шақырған. Жас фотографтың айтуынша, оны ерекше сұлу табиғат таң қалдырған. Әсіресе жұлдызды аспан аясындағы киіз үйдің суреті көрмеде фаворит деп танылған суреттің бірі.

Көрмедегі жас фотографтың бірі Нұрлан Бүлдірген. Ол осындай маңызды байқауға алғаш рет қатысып, жұмыстарының көрермендерді қызықтырғанына қатты қуанышты екендігін жасырмады.

– Суретке түсіру өнері болашақта пайдалы болар деп ойлаймын. Мен біздің бірегей табиғатымызды ілгерілету бойынша жобамен айналысқым келеді. Шығыс Қазақстанда дала, таулар, үлкен су қоймалары мен альпілік шалғындар бар. Бізде табиғат әсемдігі түрліше сипатта. Оны басқа елдер де көруі тиіс, – дейді Нұрлан.

Айта кетейік, фотокөрме 8 қарашаға дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар көрмені түрлі жастағы көрермендерге қызықты болады деп сенеді. Кейін экспозиция Семей қаласына таныстырылып, мұнда да үлкен табысқа жетеді деп күтілуде.