Облыс орталығында жаңа емхана іске қосылды

625
көрілім

Денсаулық сақтау нысанының ашылуы қала күнімен сәйкес келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

30 тамызда Өскемен қаласында Протозанова көшесі, 1/1 мекенжайында Отбасылық денсаулық орталығының (No1 емхана филиалы) ашылуы өтті. Жаңа денсаулық сақтау мекемесі 10 мыңнан астам адамға арналған. Емханада аралас бөлім болғандықтан мұнда ересектер де, балалар да қабылданады.

– Емхананың ашылуы мекеме маңында тұратын азаматтарға алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сағидуллина.

Қала тұрғындарын жаңа филиалға тіркеу жұмыстары басталып кетті.