Оқшаулану ережесін сақтамаған шығысқазақстандыққа айыппұл салынды

358
көрілім

Глубокое ауданының тұрғыны оқшаулану ережесін сақтамаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, медицина қызметкерлері әйел адамды үйінен таппаған соң бірден тәртіп сақшыларына хабар берген.
-Глубокое ауданының тұрғыны оқшаулану ережелерін бұзып, көрсетілген мекен-жайда болмаған. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.