Олег Болтин еркін күрестегі мансабын аяқтады

957
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Шығысқазақстандық еркін күрес шебері, Азия чемпионы Олег Болтин еркін күрестегі мансабын аяқтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиырма тоғыз жастағы жерлесіміз үлкен спортпен қош айтысып, енді спорттың жаңа түрі бойынша өз мүмкіндігін байқайды. Реслинг дегенді естулеріңіз бар ма? Көпшілік алдында шаршы алаңда еркін күрес пен дзюдо элементтерін орындап, күреске өзіндік жан бітіру. Негізі АҚШ-та аса танымал. Ал бұған дейін біріккен күрес әлемі (UWW)  рейтингте үздік тұрған балуандар кіретін жұлдыздар командасының құрамында әлем кубогына қатысуға шақырып, хат жолдаған болатын. Ішінде Олег Болтин де бар.
Алайда Болтин мансабының аяқталуына байланысты қатысудан бас тартты. Спортшы жапониялық New Japan Pro-Wrestling реслинг-промоушнмен келісімшартқа отырды. Өкінішке орай, келісімшартқа қол қойылғандықтан, Олег енді еркін күрес жарыстарына қатыса алмайды. Риддерлік спортшы өзінің бір сұхбатында Олимпиада мен Әлем чемпионаттарында еліне жүлде әпере алмағанына қынжылғанын айтқан еді. Енді Күншығыс елінде жаңа жетістіктерге жетеді деуге сенім мол.
Әділхан ЕСІМХАНОВ