Олимпиада чемпионы аурудың алдын алуға шақырды

353
көрілім
Шартты фотосурет

Қазақ жеңіл атлетикасының жарық жұлдызы Ольга Рыпакова әлемде өршіп тұрған қатерлі індет кезінде барынша сақтық шараларын сақтауға, жерлестерін сабырлылық танытуға шақырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Өкінішке қарай, жер-жаһанда күн санап көз жұмғандар саны көбеюде. Індеттің одан әрі таралмауы үшін сақтық шараларын бұзбағанымыз жөн. Біз үшін тырысып жұқпалы аурудың жайылуына тосқауыл қоюға барын салып жүрген ақ халаттылардың кеңесіне құлақ асып, үйден шықпағанымыз абзал. Мұндай қиындықты уақытша жағдай деп қабылдайық, – деді ол.