Өмірді өлеңмен өрнектей білді

337
көрілім

Ағартушылық қызмет атқарған Абай өзін әдебиетке арнап қана қойған жоқ, ол әдеби сөз өнерін қуатты рухани күшке айналдырғысы келді. Орыс классиктерімен Абайдың ой-пайымдары ұқсас болған. Ол Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын құр қазақ тіліне аудармады, оларды әнге айналдырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

 

«…И долго буду тем любезен я народу,

Что чувства добрые я лирой пробуждал,

Что в мой жестокий век восславил я Свободу

И милость к падшим призывал.»

Бұл Александр Сергеевич Пушкиннің «Пайғамбар» атты өлмес туындысынан үзінді. Ақынның рөлін айшықтайтын, маңызды міндетін көрсететін жолдар. Қазақтың маңдайына біткен Абай Құнанбайұлы да дәл осындай ақын болған. Ол өзінің талантымен Санкт-Петербургты, Мәскеуді, Кавказды және Қазақстанның кең байтақ жерін бір-бірімен байланыстыра алды. Қалай дейсіз ғой, ұлы өнер – сөз өнері арқылы байланыстырды. Абайдың туа біткен дарыны мен терең білімінің арқасында қарапайым халық Пушкиннің, Лермонтовтың, Толстойдың, Полонский мен Буниннің өлеңдерімен танысты. Ағартушылық қызмет атқарған Абай өзін әдебиетке арнап қана қойған жоқ, ол әдеби сөз өнерін қуатты рухани күшке айналдырғысы келді. Орыс классиктерімен Абайдың ой-пайымдары ұқсас болған. Ол Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын құр қазақ тіліне аудармады, оларды әнге айналдырды. «Татьянаның Онегинге жазған хаты» домбыраның күмбірімен лирикалық жанрда шырқалды және бүгінгі күнге дейін өзінің танымалдылығын жоғалтқан жоқ.

Амал жоқ, қайттым білдірмей,

Япырмау, қайтіп айтамын!

Қоймады дертің күйдірмей,

Не салсаң да тартамын.

Талапсыз, бақсыз мен сорлы,

Еріксіз аттап ұяттан,

Қорлыққа көндім бұл күйде,

Байқалар халім бұл хаттан.

Абайға Лермонтовтың поэзиясы да рухани тұрғыда жақын болған. «Дума» атты өлеңінде Михаил Юрьевич қазіргі ұқпақтың әрекетсіздігіне, ақыл-ойының енжарлығына мұң шағады. Абай да дәл осындай сезімде болған-тұғын, ол өз замандастарының білімге деген құлықсыздығын, жалқаулығы мен дүниеқоңыздығын ашық жазған. Жоқ, ақын оларды кінәлаған жоқ, тек жаман жақтары мен теріс тұстарын көрсете білді, сондай-ақ еңбек етуге, ой ойлауға шақырды. Адамның жаман мінездерін сын садағына алды, келеке етті. Әрине қазақтың бас ақыны – орыс әдебиетіндегі сатираның ерекше үлгісін көрсеткен Крыловтың шығармаларына назар аудармай қойған жоқ.

Өкiнiшке қарай, заттың қаншалықты пайдалы екенiн бiлмейтiн адамдар да бар.

Надан пайдасын бiлмей, оны тек жамандыққа жориды.

Егер асқан надан болса, онда ол оны тiптi лақтырып тастайды.

«Маймыл және көзілдірік» ертегісінің осы аудармасында өзін бұл әлемде ең күшті санайтын ақсүйектердің надандығы мазақ етілген. XIX ғасырдағы ұлы орыс ақындарының аудармаларымен Абай білімге құштар адам мықты болатындығын, өзінің әлемді білгісі келетінін, ондағы өнер-біліммен танысып, санаға түйгенін басқалармен бөліскісі келетінін көрсетті. Егер ұлы қазақ ағартушысының бұл қасиеттері болмаса, қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, қарама-қайшылықты, бірақ тарихи маңызды бөлігі оның есімімен байланысты болмас еді...