Өнер музейінде Тұңғыш Президент күні атап өтілді

136
көрілім

Бүгін ШҚО өнер музейінде Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасымыз тұрғанда еліміз еңселі» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлт тарихындағы жаңа дәуір 1991 жылы 1 желтоқсанда еліміз алғаш рет бүкілодақтық сайлау нәтижесінде өз Президентін сайлап алған күннен бастау алған.

Мерекелік шараның шымылдығы ҚР Әнұранымен түріліді. Айтулы кешке Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп лицейінің 4-сынып оқушылары мен ұстаздары, сонымен қоса мәдениет қызметкерлері қатысты. Кеш барысында қонақтарға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолынан үзінді көрсетілді.