Өңірімізде жол белгілері тапшы

311
көрілім

Полицейлер бұл мәселенің шешіміне кеңестер ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

19 тамызда облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Серік Жүнісбеков «Қазақавтодор» ЖШС-нің жергілікті филиалында болып, оның басшысы Серік Ақтановпен жол қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді талқылады.

Полицейлер қазіргі таңда республикалық маңызы бар жолдарда 8400 жол белгісі орнатылғанын атап өтті. Оларды пайдаланудың ең ұзақ мерзімі бес жылдан аспауы керек. Дегенмен, полковниктің айтуынша, бұл белгілерді жедел ауыстыру уақытында қосымша белгілердің жоқтығы қиындық тудырады.

- Осыған байланысты біз «Қазақавтодор» ЖШС филиалында қажет кемінде 1000 белгіні дайындау үшін сертификатталған шағылысатын пленка мен металл жасау қорын құра отырып, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын шығаратын жергілікті цехтарымыздың жұмысын ұйымдастыруды ұсынамыз, - деп ШҚО филиалының басшысы мәселені шешуге деген көзқарасымен бөлісті.

Сондай-ақ ол бүгінгі күнге дейін белгілеуге арналған бояу тапшылығынан 156 шақырым жолдың таңбаланбағанын, сол учаскелерде жамау жұмыстары аяқталмағанын қосты.

Серік Ақтанов барлық түйткілді мәселелер тез арада жойылады деп сендірді.