«Орыс Наполеоны» Өскеменде дүниеге келгенін білесіз бе?

404
көрілім

Бұл жердегі сөз орыс қолбасшысы, генерал Корнилов Лавр Георгиевич туралы. Өз өмірінде бұл адам түрлі салада бағын сынап көрген. Ол әскери барлаушы, дипломат, саяхатшы да болды. Орыс-жапон кампаниясы мен Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында батылдығымен және әскери дарынымен көзге түсті.

Алайда оның өміріндегі ең жарқын тарихи оқиға 1917 жылдың 25 тамызында орын алған еді. Ақпан төңкерісінен кейін Ресей Республикасы әскерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып тағайындалған генерал билік тізгінін тартып алып, Петроградта әскери диктатура дәуірін орнатуға талпынады. Төңкерістік аласапыраннан кейін Корнилов, Директория кезеңіндегі Наполеон секілді, әскери билікті орнатуды көздеді. Мұндай тәртіп азаматтық соғысқа әкелетін анархия мен жаңа саяси дағдарысқа кетуді тоқтатуға тиіс болатын. Билікті қаталдандыру келешегі халыққа да, Уақытша үкіметке ұнамады, сол себепті бүлік басуға тура келді.

Корнилов түрмеге тоғытылып, ол жерден қашып құтылып, Дондағы Еріктілер армиясын ұйымдастырушы, кейін Бас қолбасшысы және Ресейдің Оңтүстігінлегі Ақтар қозғалысының көсемі болады. Оның әкесі 7-ші Сібір казак полкіндегі отставкадағы хорунжий Егор Корнилов (кейін ғана генералдың әкесінің аты мәртебелендірілді), арғын руынан шыққан, шоқындырудан кейін Мария Ивановна деген есімге ие болған қазақ қызымен отбасын құрған. Ұлы дүниеге келгенге дейін сегіз жыл бойы казак офицері өзінің сословиесінен кетіп, коллеж-тіркеуші шенін алады. 1869 жылы Егор Корнилов Өскемен қалалық полициясында хатшы болып жұмыс істейді. Жаңадан келген шенеунік Ертістің жағалауындағы жеке үйінде тұрады. Сол жерде оның ұлы Лавр дүниеге келген.

Лавр Корнилов екі жасқа толғанда, отбасы Семей губерниясының Қарқаралы станицасына көшіп кетеді, ол жерде әкесі Сібір казак әскеріндегі аудармашы жұмысына орналасады. Болашақ әскери басшының балалық шағы осы жерде өткен екен. Сондықтан кейбір дерекөздер Қарқаралыны оның туған жері ретінде көрсетеді.

Осылайша, Лавр Корниловтың туылуы туралы дерекөздер кереғар болып келеді. Себебі ұзақ жылдар бойы бұл тарихи тұлғаның шығу тегін айқындап, түсіндіруді ешкім мақсат етпеген еді.