Өсім бар

549
көрілім

Халықтан сүт қабылдау көрсеткіштері 6 есеге өскен. Бұл жайлы облыс әкімдігінде өткен мәслихат сессиясында айтылды.

Шығыс Қазақстан облысында жалпы саны 27 тауарлы сүт фермасы және 47 сүт қабылдау пункті бар. Қазіргі уақытта жергілікті сүт өндіретін мекемелерінің өнімділігі 29%-дан 65%-ға дейін көтерілген. Сонымен қатар, халықтан сүт қабылдау көрсеткіші де 6 есеге өсіпті.

– 2015 жылы тұрғындардан 3,7 мың тонна сүт сатып алған едік. Биыл бұл көрсеткіш 22 мыңға дейін жетті. Осының нәтижесінде, бұрын 250 миллион теңге алған жұрт, бүгінде 1 миллиард 650 миллион теңге пайда көрді. Бұл өте жақсы нәтиже, - дейді Даниал Ахметов.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ