Өскемен - Риддер тасжолында тағы да апат орын алды

310
көрілім

Бүгін тасжолдың 22-ші шақырымында екі жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 36 жастағы Tayota көлігінің жүргізушісі Риддер қаласынан келе жатып жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткен, сол жерде Honda автокөлігімен соқтығысады.

- Tayota көлігінде болған 37 жастағы жолаушы мен баласы шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, әйел адам қайтыс болды - деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.