Өскемен бағытында ірі есірткі тасымалы тоқтатылды

407
көрілім

ШҚО полицейлері Ұлттық ұлан бөлімшелерін тарта отырып, арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

– Өскеменге синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын (салмағы бір келіге жуық) әкелмек болған Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталды, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. Көлікте онымен бірге әйелі болған, оның айтуынша, ол күдік тудырмас үшін өзімен бірге арнайы түрде әйелін алып кеткен.

Біраз уақыттан кейін осы қылмыстық тізбектің тағы екі қатысушысы ұсталды. Ұсталғандардың бірі - облыс орталығына келген 24 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны. Одан «Альфа-ПВП» психотроптық заты бар бес пластик ыдыс тәркіленді.

Осылайша, шамамен құны 65 миллион теңгеден асатын сегіз мыңға жуық бір реттік дәрі-дәрмектің Өскемен бағытына тасымалдануы тоқтатылды, - деді ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов