Өскемен гарнизонында кадр тағайындау кезінде бақылауды күшейту мәселесі талқыланды

366
көрілім

ҚР Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 30 маусымдағы №302 бұйрығына сәйкес қаңтар айының 26-сы күні 27943 әскери бөлімінде Өскемен гарнизонының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың (сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялардың) қызметін ұйымдастыру жөніндегі комиссиясының кезекті жалпы отырысы өтті.
Кеңес барысында әскери бөлім командирлері мен мекеме бастықтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстары жөнінде баяндамаларын тындалып, көптеген сұрақтары талқыланды.
Сөз сонында, комиссия мүшесі Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімінің  бастығы әділет подполковнигі Н.Елубаев  қатысушыларға 2022 жылы әскерге шақыру комиссиясымен, әскерге шақырылушыларды кейінге қалдыру жөнінде мәліме ұсынды.

- Нақты айтсақ, әскерден босату кезінде, әскери қызметшілерге мемлекеттік наградаларға немесе жоғарғы тұрған лауазымға тағайындауға ұсыну кезінде айқындылықты және жариялықты қамтамасыз етілуін талап етті. Бұдан бөлек, кадр қызметімен сыбайлас жемқорлыққа қаупі жоғарғы кандидаттарды әскери лауазымдарға тағайындамауға және әскери қызмет өткеру қағидасына сәйкес әскери қызметшілерді ротациялау тәртібін қамтамасыз ету, кадрларды іріктеу және тағайындау рәсімдері кезінде қатаң бақылау күшеутілуі де баса айтылды, - делінген мәліметте.